Экономика

«800 млн теңге үнемделді».Әкімдік мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізбекші болған

Үржар ауданында прокуратура 800 млн теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды

Абай облысында аудан прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 803 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

 Прокуратура мәлімдегендей, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбекші болған.