сенбі, 5 қазан, 2024 21:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алқап басынан сауда орнына жөнелтуде

Алқап басынан сауда орнына жөнелтуде
ашық дереккөзі
Алқап басынан сауда орнына жөнелтуде

Жуалының Нұрлыкенті көкөніс түрлерін өсіруге қолайлы аймақ саналады. Соңғы кездері мұда картоп, қырыққабат, сәбіз, қызанақ, қияр секілді дақылдар өсірілуде.

Данабек Медеубаевтың ауыл іргесіндегі қырыққабат плантациясында бір аптадан бері қарбалас. Диқан ала жаздай баптаған 1,5 гектардың өнімін жинау қамында.

Данабек бұл кәсіппен он шақты жылдан бері шұғылданады. Сондықтан дақылды баптаудың қыр-сырына қанық.

Алқап басында ұлдары Рақымбек пен Мұрат қолғабысын тигізуде. Олар пісіп-жетілген дақылдың түбін шауып, оны жеңіл көлікке артуда. Күн суытып, қатқаққа ұрынбай тұрып, түгел жинап алу керек. Мерзімнен кешіктіріп алса, қауданы қарс жарылып, тауарлық түрінен айырылып, жарамсыз күйге түседі.

- Қырыққабат дұрыс жетілуі үшін бақша ашық жерде орналасуы, су молынан жетіп тұруы шарт. Қырыққабаттың ұрығын сатып алып, ерте көктемде үй іргесіндегі жылыжайдан көшет өсіріп аламыз. Әр гектарға шамамен 30-33 мыңға жуық түп көшет егіледі. Ала жаздай алқапқа 7-8 мәрте су салып, арамшөбін жұлып, зиянкестерден қорғаймыз, - дейді Данабек.

Диқан  жергілікті жерге бейімделген «Бухарест» сұрыбын отырғызыпты. Жиналған қырыққабаттың әр қауданының салмағы әртүрлі келеді. Жарты келіден үш келіге дейін салмақ тартады. Арасында бас алмай қалғандары да кездеседі.

Данабек еліміздегі карантиндік шаралардың бақша өнімдерін өткізуге қолбайлау отырғанын жасырмайды. Бұрындары алқап басынан өздері алып кетіп жататын болса, биыл сұраныс түспеген. Қырыққабаттың негізгі тұтынушылары болып есептелетін тойханалар жабық. Ал кафелердің жұмысы шектеулі. Сондықтан диқан қырыққабатты өздері жинап, алқап басынан өз көліктеріне артып, облыс орталығындағы «Ауыл береке» базарында саудалауда.

Абылайхан СӘРСЕН,

Жуалы ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар