АШМ үй құстарының жаппай қырылу себебін түсіндірді
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2020
- 280
Үй құстарының жаппай қырылуы Қазақстанның бес облысының 47 елді мекенінде тіркелген. Бір-екі аптаның ішінде жеке аулаларда 14 мыңнан астам бас және Солтүстік Қазақстанның құс фабрикасында 41 мың құс қырылды. Ауру жабайы үйректерден жұққан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
ortcom.kz«Эпизоотиялық талдау көрсеткендей, аурудың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударатын жабайы құстың өлімінен басталған. Бірлескен су қоймаларын пайдалану арқылы жұққан. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша «жоғары патогенді құс тұмауы» диагнозы қойылғаннан кейін республикалық қордан вакцина бөлінді. 1, 4 млн.доза. Бұл 4,7 млн. бас құсты вакцинациялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 3,5 млн.басты қамту үшін қосымша 1 млн. доза жеткізілетін болады. Жыл басынан бері ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өңірлерге 3,4 млн. құс тұмауына қарсы вакциналардың дозаларымен, жеке аулалардағы 11,8 млн. бас құс вакцинациямен қамтылды»,-деді вице-министр эпидемиологиялық жағдай туралы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024