Экономика

АШМ үй құстарының жаппай қырылу себебін түсіндірді

АШМ үй құстарының жаппай қырылу себебін түсіндірді

Үй құстарының жаппай қырылуы Қазақстанның бес облысының 47 елді мекенінде тіркелген. Бір-екі аптаның ішінде жеке аулаларда 14 мыңнан астам бас және Солтүстік Қазақстанның құс фабрикасында 41 мың құс қырылды. Ауру жабайы үйректерден жұққан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.ortcom.kz