Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың жаңа ережелері бекітілді
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың жаңа ережелері бекітілді
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың жаңа ережелері бекітілді.
Жаңа ережелер туралы ақпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Осыған орай, әлеуметтік желілерде ережелердің кейбір тармақтарына қатысты сұрақтар қойыла бастады.
Сала жұмысшылары тарапынан жиі қойылатын сұрақтар:
Өткен жылдың соңындағы жалпы мал шаруашылығы өнімі және еңбек өнімділігі туралы мәліметтерді субсидиялауға арналған ақпараттық жүйені толтыру туралы (11 тармақ).
Аталған ереже АӨК субъектілерінің міндеттемелер тізілімін енгізуді көздейтін, ҚР АӨК-ін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5.2 тармағына сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.
2019 жылдың қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров субсидия берілетін бизнестің қарсы міндеттемелерінің қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен, жалпы өнім мен еңбек өнімділігі туралы көрсеткішті қайдан алуға болады?
Барлық жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары мал шаруашылығының жай - күйі туралы есепті Статистика комитетіне ұсынады.
Бұл ретте, өнімнің жалпы шығарылымы мен Еңбек өнімділігі жоғарыда көрсетілген есеп шеңберінде АШТӨ ұсынған деректер негізінде әдістемеге сәйкес есептеледі.
Айта кету керек, бұл мәліметтер жыл басында бір рет, ағымдағы жылдың бюджеті есебінен субсидиялауға бірінші өтінім берген кезде көрсетіледі. Кейіннен, бір жыл ішінде өтінім беру кезінде бұл деректерді толтыру талап етілмейді.
Сонымен бірге, жалпы өнім мен еңбек өнімділігі жоғарыда аталған есеп бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілері берген мәліметтер негізіндегі әдістеме бойынша есептеледі.
Мал шаруашылығының жай - күйі туралы есеп тапсырмайтын тауар өндірушілер (24-аш), сондай-ақ жоғарыда көрсетілген деректері жоқ АШТӨ САЖ-інің тиісті бағанына "0"санын қояды.