Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары және тағайындау кезіндегі ескерілетін табыс түрлері
Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары және тағайындау кезіндегі ескерілетін табыс түрлері
Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. 1) АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл АӘК алушылардың өз табысын жасыруын төмендетеді. 2) көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. 3) барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. 4) егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. 5) бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын көмек. Кедейлік шегі - бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі. 2021 жылдың 2 тоқсанында Тараз қаласы бойынша кедейлік шегі қазіргі таңда 22224 теңгені құрайды. АӘК тағайындау кезіндегі отбасының табысы ретінде ескерілетін табыс түрлері: еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс, алимент, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс, жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс, бағалы қағаздардан түсетін табыс, жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған табыс, ақшалай аударымдар түріндегі табыс, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі табыс, Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған табыс, өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс, ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс. Медет Зеткулов, Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары