дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда мұнай компаниясы 700 млнға жуық теңгенің газын "желге ұшырған"

Атырауда мұнай компаниясы 700 млнға жуық теңгенің газын "желге ұшырған"
Фото - ашық дереккөзден
Өйткені, жер қойнауын пайдалану кезінде заңдылықтың сақталмаған

Атырау облысында  «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу  дейді прокуратура. Яғни көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек.

  • Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады. Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді,- делінген ресми хабарламада.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар