сенбі, 23 қараша, 2024 7:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аудан әкімінің назарында

Аудан әкімінің назарында
ашық дереккөзі
Аудан әкімінің назарында
Таң сәріден басталған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қыза түсуде. Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов жәрмеңкеде болып, бағаның өспеуін ескертті. Жәрмеңкеге жалпы алғанда ауданның 43 жеке кәсіпкері қатысты. Ауылдық округтер бойынша, Байқадам ауылдық округінен 2 жеке кәсіпкер, Жаңарық ауылдық округінен 3 жеке кәсіпкер, Түркістан ауылдық округінен 3 жеке кәсіпкер және Жаңаталап ауылдық округінен 2 жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін жәрмеңкеде ұсынды. Оған қоса, Түркістан облысы Ақсукент ауданынан 1 кәсіпкер қияр өнімдерін және Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 3 жеке кәсіпкер сүзбемайлық өнімдерін жәрмеңкеде төмендетілген бағада сатылымға шығарды. Көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және ет өнімдерінің жалпы бағалары базардағы бөлшек сауда нүктелерінен 15-20 пайызға төмен деңгейде сатылды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімі айран-170 тг, сүзбемайлығы-1200-1400тг, сарымай 2100тг, тауықжұмыртқасы-230-300тг, тауықеті-850 тг, күнбағыс майы-420тг, қырыққабат 70-100 тг, пияз-60-70 тг, сәбіз 80-110, картоп 85-110 тг, сиыр еті-1700 тг сатылды. Жалпы жәрмеңкеде жасалған сауда айналымы 8,5 млн теңгені құрады. Санитариялық талаптар толық сақталды. Сатушылардың міндетті түрде бетпердесі және қолқаптары болды. Жәрмеңкеде қоғамдық тәртіпті сақтау, қадағалау мақсатында Полиция бөлімінің екі учаскелік полицейлері жәрмеңкеге қатысып, кептеліс болдырмау үшін жол көлік қозғалыстарын бақылауды ұстады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар