Экономика

Ауыл ажарын арнайы жоба ашуда

Ауыл ажарын арнайы жоба ашуда

Сарысу ауданы бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылдың бюджетіне I, ІІ -ші траншпен 22 жобаға қаржы бөлінді.Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша жұмыс аяқталуға таяу, жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Олар: -«Ақбота» балабақшасының ғимаратын күрделіжөндеу жұмыстары 80%-ға бітті, ішкі және сыртқы сылақ жұмыстары, жылу жүйесі, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар есік,терезелері , есіктері ауыстырылды. - Саудакент елді мекеніндегі 18 негізгі көшенің қазіргі таңда 11-нің жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған 7-нің 95% жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айында толық жұмыстары бітеді. -Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесін орта жөндеуден өткізілді -Саудакентте спорт залы құрылысы жүріп жатыр Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 54,2 пайызға бітті. і