жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан экономикасы қарқын алды: ЖІӨ 7 айда 6,3%-ға артты

Қазақстан экономикасы қарқын алды: ЖІӨ 7 айда 6,3%-ға артты
Pixabay.com
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға өскен.

Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері тауар өндіру көлемінің 8,3 пайызға және қызмет көрсету саласының 5,2 пайызға артуы болды. Қызмет көрсету ішінде ең жоғары қарқын көлік және сауда саласында байқалды. Өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға өсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ЖІӨ өсіміне ең көп үлес қосқан салалар – көлік және қойма (22,5 пайыз), құрылыс (18,5 пайыз), көтерме және бөлшек сауда (8,6 пайыз), тау-кен өнеркәсібі (8,5 пайыз) және өңдеу өнеркәсібі (6,1 пайыз). Көлік және қойма секторындағы өсім теміржол, құбыр және автомобиль көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.

Құрылыс саласында да айтарлықтай қарқын байқалды. Биыл бұл саладағы өсім 18,5 пайызды құрады. Түркістан облысында өсім 34,6 пайыз болып, мектептер, теміржол желілері және автожолдар құрылысының есебінен қалыптасты. Ақтөбе облысында өсім 25,6 пайызды құрап, жайлы мектептер мен жолдарды реконструкциялау жобалары жүзеге асырылды. Жамбыл облысында 13,1 пайыз және Шығыс Қазақстан облысында 5,9 пайыз өсім тіркелді. Бұл өңірлерде тұрғын үйлер, медициналық нысандар және электр желілерін салу жобалары іске асырылып жатыр.

Сауда көлемі есепті кезеңде 8,6 пайызға өсті. Көтерме сауда 9,5 пайызға өсіп, жалпы өсімнің 66 пайыздан астамын қамтамасыз етті. Бөлшек сауда 6,6 пайызға артты. Ең жоғары сауда динамикасы Қостанай облысында (17,6 пайыз), Солтүстік Қазақстан облысында (12 пайыз) және Астанада (9,2 пайыз) тіркелді. Бұл өңірлерде астық, агрохимия, азық-түлік, отын, фармацевтика өнімдері және техника сату көлемі ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы өсімі 6,9 пайызды құрады. Өсім барлық өңірде байқалды. Динамика бойынша Жамбыл облысы (18,2 пайыз), Солтүстік Қазақстан облысы (14,9 пайыз), Шымкент қаласы (15,8 пайыз), Алматы қаласы (13,5 пайыз) және Түркістан облысы (12,3 пайыз) көш бастады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 6,1 пайыз болып, оның ішінде машина жасау 14 пайызға, азық-түлік өндірісі 9,2 пайызға, мұнай өнімдері 8,6 пайызға, химия өнеркәсібі 6 пайызға және металлургия 1,3 пайызға артты.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өндіріс көлемі 3,7 пайыздық өсімді сақтады. Мал шаруашылығында сүт өндірісі 6,1 пайызға, мал мен құс бордақылау 2,1 пайызға және жұмыртқа өндірісі 0,9 пайызға өсіп, жалпы өсім 3,4 пайызды құрады.

Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес экономиканың негізгі салаларын қолдауға, оны әртараптандыруға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға басымдық беріп, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып отыр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар