Қазақстан мен Беларусь: Агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы 278 млн АҚШ долларын құрады

Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты оң динамикасын көрсетті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында министр 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы 278 млн АҚШ долларын құрағанын, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары екенін атап өтті. Ал 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында 19,7%-ға өсім тіркеліп, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты оң динамикасын көрсетті.
Тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ бірінші Беларусь–Қазақстан аграрлық форумын өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, “Белагро-2025” атты 35-ші Халықаралық мамандандырылған көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы, Беларусь–Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-отырысын өткізу, сондай-ақ аграрлық саладағы өзара іс-қимылдың болашағы зор бағыттары бойынша жұмыс тобының отырысы талқыланды.