Экономика

Қазақстан шетелдік туристер үшін көшпенділер визасын енгізбек

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті

Қазақстан жыл соңына дейін шетелдік туристерге арналған визаның жаңа түрі – көшпенділер визасын енгізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, визалық-көші-қон режимінің мәселелері туристер тарапынан көптеген шағым тудырған. Яғни, министр атап өткендей, туроператорлардың хабарлауынша, шетелдік келушілер визалық-көші-қон порталының техникалық ақауларына байланысты виза алу кезінде қиындықтарға тап болады.

Оның айтуынша, бұл виза  экономикаға жыл сайын 3 млрд теңге табыс түсіреді.