Экономика

Қазақстанда бір әйел адам 116 рет кредит, ал бір адам 69 рет кредит алған – зерттеу

Елімізде көптеген ұсақ несие алатын әйелдердің саны көбейіп кеткен

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылы жүргізілген банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) деректеріне негізделген демографиялық талдауын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Осы зерттеуде Қазақстандағы жастар мен қарт кісілердің, әйелдер мен ерлердің кредит тарихы, кредит саны және кредиттің құны бойынша деректер көрсетілген. Сонымен қатар, қарыз алушылардың гендерлік-жас ерекшелік мінездемелерін ескере отырып, олардың мінез-құлықтық аспектілеріне назар аударрылған.

Зерттеуге сүйенсек, қазір қазақстандықтардың тұтынушылық несиесінің көлемі 6,9 трлн теңге, ал ипотекалық (Отбасы банкінің деректерін есепке алмағанда) және қамтамасыз етілген қарыздар портфелінде әрқайсысы 1,6 трлн теңге. Осы зерттеудің гендерлік бөлігінде Қазақстанда әйелдер арасында ұсақ-түйек дүниелерге несие көп беріліп жатқаны жазылған.