Экономика

Қазақстанда енді кейбір азаматтар несие ала алмайды – Тоқаев заңға қол қойды

Енді берешегін 90 күн бойы төлей алмағандарға кепілсіз тұтынушылық несие берілмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Заңға халықтың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеуге қатысты бірқатар ережелер енгізілді.

Ең басты өзгерістің бірі - азаматтар борышының өсуін болдырмау үшін мерзімі өткеніне 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді. Әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептеуден босатылады.