Экономика
Қазақстанда кедейлік шегіне жеткендердің саны 1,1 миллионнан асты
- авторjambylinfo.kz
- 25 қыркүйек, 2020
- 385
Қазақстанда кедейлік шегіне жеткендердің саны 1,1 миллионнан асты
Елімізде коронавирустық пандемияға байланысты жарияланған карантиннен кейін кедейлер саны өсті.
Биыл екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтар саны 5,7 пайызға жеткен (бір жыл бұрын – 4,3% болған). Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Мамандар мұның басты себебін елдегі төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуімен байланыстырады. Өйткені, осы уақыт аралығында Қазақстандағы экономикалық белсенділік күрт төмендеген. Айта кетейік, 2020 жылдың екінші тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі республикада 32,6 мың теңгені құрады.
Осылайша, айлық табысы 32,6 мың теңгеден аспайтын қазақстандықтардың саны 1,1 миллион адамға жетіп отыр. Бұрынғыша қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары табысының айырмасы өте алшақ. Екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін ауылдықтар 7,8 пайызды құраса, қалалықтар – 4,2 пайыз.
Кедейліктің шегіне жеткендер саны еліміздің барлық өңірінде өскен. Көш басында Түркістан облысы – 12,8%, СҚО – 7,4%, Жамбыл облысы – 6,9%, Қызылорда облысы – 6,9% және Ақмола облысы – 6,7%. Осы бес облыстағы кедейлікте өмір сүріп жатқан тұрғындардың жалпы саны 481,8 мың адамға жеткен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жуалының алмасы көздің жауын алады
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024