дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды

Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктер есебінен арзандату жүргізіледі.
  1. Объектілер құрылысының құнына лимиттер белгіленді. Өңірлер бойынша бірдей объектілер құрылысының құны бірдей болуы тиіс. Ол үшін нормативтік-техникалық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді және барлық әлеуметтік және азаматтық-тұрғын үй объектілерінің құрылысына шекті құнды (лимиттерді) белгілеу бойынша Жол картасы әзірленді.

Лимитті белгілеу ірілендірілген көрсеткіштер негізінде, олар болмаған жағдайда – өткізілген объектілер негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы "Мемсараптама" РМК порталы базасында лимитті есептеу тетігі автоматтандырылды.

  1. Баға қалыптастырудың айқындығын, ашықтығын және анықтығын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе әзірленді. Бағалауды қалыптастыру толығымен ведомстволық статистика негізінде жүзеге асырылатын болады.
  2. Заңнамаға үлгілік жобаларды міндетті қолдану, жобалардың бірыңғай электрондық банкін құру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердің сараптамасын мемлекеттік сараптамаға беру бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулер бизнес-климатты дамыту мәселелері бойынша заң жобасы аясында әзірленіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
  3. Жобаларды жобалаумен және сараптаумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату жоспарлануда. Сметашыларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесіне, оның ішінде бейінді білімінің болуына талдау жүргізіледі.

Сметалық құжаттама бойынша сараптамалық жұмыстарды жеке мамандандыруға бөлу бойынша НҚА жобасы әзірленді. НҚА жобасы мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр.

  1. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан қаласында пилоттық жобаларды іске асыру жалғасып жатыр. Бекітілген Жол картасына сәйкес заңнамаға түзетулер әзірленді және келісілу үстінде.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, қаржыландыру, өткізу жүйесі саласындағы түзетулерді ағымдағы жылдың тамызына қарай бекіту жоспарланып жатыр. Түзетулер енгізу бойынша жауаптылар – ҰЭМ және ҚМ.

Құрылыс саласында-құрылыстың бастапқы құнын анықтау әдістемесі дайындалды.

Тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін әкімдіктер пилоттық жобаларды іске асыра бастайды.

  1. Биылғы жылы құрылыс саласының ашықтығын және цифрландырылуын толық қамтамасыз ететін құрылыс нормаларын цифрландыру және цифрлық модельдеу технологияларын енгізу бойынша жұмыс басталды.

2020 жылы 36 нормативтік-техникалық құжат, 2021-2023 жылдары – 195 құжат цифрландырылатын болады.

Болашақта, іс жүзінде жобалау-сметалық құжаттама қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына автоматтандырылған режімде тексерілетін болады. Бұл сараптама жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беріп, жобалардың сапасына және олардың құнын есептеуге оң әсер етеді.

Еске сала кетейік, механизмдер Мемлекет басшысының 24 қаңтардағы Үкімет отырысында құрылыс құнын төмендету мәселесі бойынша берген тапсырмалары шеңберінде әзірленді.

Тапсырманы орындау шеңберінде:

- құрылыстың шекті құны (лимиттері) белгіленді;

- баға мониторингінің ақпараттық жүйесі іске қосылды;

- ведомстволық статистикалық байқау енгізілді;

- сметалық құжаттама бойынша сараптама жұмыстарын жеке мамандандыруға бөлуге қатысты НҚА-ға өзгерістер енгізілді

Жалғасып жатыр:

- Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қанатқақты жобаларды іске асыру;

- "e-Qurylys" бірыңғай цифрлық порталын енгізу";

- Құрылыс нормаларын цифрландыру.

egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар