Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге артты
Есептік кезеңде тізілімге 146 жаңа қатысушының енгізілуі бұл сектордағы тұрақты өсуді айғақтайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ӘКС) саны 1 577-ге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Есептік кезеңде Тізілімге 146 жаңа қатысушының енгізілуі бұл сектордағы тұрақты өсуді айғақтайды. Салыстырсақ, 2025 жылғы қорытынды бойынша елде 1 431 әлеуметтік кәсіпорын жұмыс істеген. Тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық көмекті қосқанда, мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы. Қолдаудың негізгі құралдарының қатарында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредитке кепілдік беру және мемлекеттік грант беру бар (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы). Әлеуметтік кәсіпкерлік заңнамада алғаш рет 2021 жылы бекітілді. Ол азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселесін шешуге арналған кәсіпкерлік қызмет ретінде анықталады.