Экономика

Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаржыны туыстарының еміне де жұмсай алады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаржыны туыстарының еміне де жұмсай алады

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаржыны жақын туыстарының еміне де жұмсай алады.

Дегенмен, жақын туыс санатына ата-ана, туған немесе асырап алған балалар, асырап алушылар, ата-әже және немерелер кіреді. Сонымен қатар ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер бұған дейін міндетті зейнетақы жарнасы мен кәсіптік зейнетақы жарнасын баспана алуға немесе емдеуге жұмсай алатын. Енді бұдан былай біржолғы зейнетақы төлемін алар кезде бұл жұмысшылардың кәсіптік зейнетақы жарнасы есептелмейді. Демек азаматтар жарнаның бұл түрін үй алуға немесе емге жұмсай алмайды.