Қазақстандықтардың 20 млрд теңге несиелері кешіріледі
Атаулы әлеуметтік көмек алатын мыңға жуық азамат банктерге 1 миллиард теңге қарыз болып қалған
Қазақстанда жалпы берешегі 20 миллиард теңгеге жуықтайтын 10 мыңға тарта азамат банкрот атанды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сенатта өткен отырыста Миятов банкроттық процедурасы қалай жүріп жатқанын баяндады.
2023 жылғы наурыз айынан бастап елімізде банкроттық процедурасы жұмыс істей бастады.