сенбі, 23 қараша, 2024 7:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азық-түлік бағасын бақылауда ұстау тапсырылды

Азық-түлік бағасын бақылауда ұстау тапсырылды
ашық дереккөзі
Азық-түлік бағасын бақылауда ұстау тапсырылды

Облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде әлеуметтік-экономикалық дамудың 9 айдағы көрсеткіші мен азық-түлік бағасының өсу динамикасы талқыланды.  Кеңеске төрағалық еткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:

– Ағымдағы жылдың 9 айлығы да аяқталуға таяу. Қаржыны мақсатты әрі жүйелі игеруді жылдың соңғы айына қалдыруға тиым саламын. «Жыл соңында игеріледі» деген сылтаумен уақтылы атқарылатын жұмысты кейінге қалдыруға болмайды. Бұл тұрғыда күнделікті қадағалап жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе, инфляция, жұмыссыздарға қатысты іс жіті қолға алынсын, – деді.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның айтуынша, жылдың аяқталуына 3 ай қалса да әлі тиісті қаржыны игере алмай отырған басқармалар, аудандар бар.

Жыл ішіндегі негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсу динамикасына қарағанда, өз өңірімізде өсірілетін көкөністердің өзі дәл қазіргі жиын-терімнің уақытында да қымбат бағада сатылып отыр. Облыстағы 97,4 мың тонна сиятын қоймаларда әзірге ештеңе де жоқ.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы орынбасары Берік Нығмашевқа және ауылшаруашылық басқармасына, "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүккендердің жұмысын қайта қарап, ондағы тауарлардың қолжетімді бағасын қадағалауды тапсырды.

Қ.Рахметуллина

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар