Экономика

Бағдарламаның шарапатын бұқара көруде

Бағдарламаның шарапатын бұқара көруде

Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында биыл  52,4 миллион  теңге  бөлініп, каналдар мен тоғандарды   тазалау жұмыстары қарқынды  жүргізілді, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Жалпы Мойынқұм ауданында жер ерекшелігіне қарай егін шаруашылығымен «Шу» өзенінің бойындағы Кеңес, Биназар, Бірлік, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман және  Жамбыл сынды 7 елді мекеннің шаруалары айналысуда. Алайда отыз жылдай тазаланбаған тоғандарды қамыс басып, дихандарға ағын су жеткізуде қиындықтар туған. Бұл мәселені біржақты шешу  мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде    «Талас-Аса» кәсіпорынының техникаларымен  жалпы ұзындығы 69,3 шақырымды  құрайтын 11  тоғанды тазалау жұмыстары жүргізіліп, өткен жылы  73,2  миллион теңге  толықтай игерілген.

Ал биыл  51 шақырым болатын 4 тоғанды тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бюджетінен 16,4 миллион теңге бөлінген.

Тағы бір мәселе - егін шаруашылығымен айналысып отырған елді мекендерде тірлікке  қажетті техника  мүлдем қалмаған. Олқылықтың орнын толтыру үшін  2019 жылы 73,0 миллион  теңгеге 13  техника алынса,  Айдарлы мен  Бірлік ауылдарынан бұрынғы ескі қырман орындары қалпына келтіріп іске қосылған.  Сонымен қатар биыл Күшаман ауылындағы егін жинайтын қырман ағымдағы жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.

Ауданда құрама жем дайындау және егін шаруалығы бағытындағы бес ауылшаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде.

Нәтижесінде асыраушы саладағы  жалпы өнім  5 167,4 теңгені құрап,  оның  3972,9 миллион теңгесі мал шаруашылығына, 1193,9 миллион теңгесі егін шаруашылығына тиесілі болған. Нақты  өнімділік – 102,9 пайызды көрсеткен.

Аудан аумағында карантинге байланысты көптеген шектеу шаралары қойылғанымен қожалықтардың өз жұмысын тоқтатпауы  үшін тиісті жағдайлар  жасалған. Осының арқасында мүйізді ірі қара мал саны 45533 басты құрап, 23,5 пайызға артса, қой мен ешкі 159 007 басқа жеткен. Мұнда 8,5 пайыздық өсім бар. Сонымен қатар түйе саны 6 пайызға көбейіп, 1317 басты көрсетсе, жылқы саны 8973 басқа артып, 12,2 пайыздық көрсеткішті межелеген. Құс басы да 10,4 пайызға артып, 32056-ға  жеткен.

 Ет және сүт кластеріне келсек, ет тірі салмақта 3812,3 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көбейген.

Сүт өнімдері 6816,0 тонна болып, 24,0  тоннаға немесе 0,4 пайызға артып отыр.

Жұмыртқаның 1377,0 мың данасы шығарылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық өсімді көрсеткен.