сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 8:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бақ өсіріп, бағы жанған бағбан

Бақ өсіріп, бағы жанған бағбан
ашық дереккөзі
Бақ өсіріп, бағы жанған бағбан
Шу ауданында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп келе жатқан шаруа қожалықтар бар. Солардың бірегейі ретінде белгілі кәсіпкер Мирислам Аллахверанов 12 жыл бойы басқарып отырған «Зам Зам» шаруа қожалығын айтуға болады.
Қожалық иесі алғаш рет 2008 жылы 8 гектар алқапқа алма егіп, кәсібінен нәсібін айыра бастаған. Бүгінде аталмыш алқаптың көлемі 40 гектарға жетіп отыр. Бір ерекшелігі, мұнда қазір алманың 33 түрі өсіріледі екен. Атап айтқанда, «Арнабель», «Зарона», «Квинта» және «Вильям» сынды түрлері бақтың сәнін келтіріп тұр. Бұдан бөлек, М.Аллахверанов өткен жылы өрік пен алхоры ағаштарын да отырғызыпты. Шу жерінде өсетін бұл жемістердің барлығы да еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілуде. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында тұтынушылардың легі көп. Әлбетте, мұндағы өнім жергілікті тұрғындарға да сатылады. Айта кету керек, жеке кәсіпкер қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмай, аз қамтылған отбасыларға әрдайым көмек қолын созып келеді.
Бүгінгі таңда жерлесіміз кәсібінің көкжиегін кеңейту мақсатында алма ағашының көшеттерін отырғызуды қолға алған. Оған қажетті құрал-жабдықтардың барлығын көршілес Ресей елінен алып келген. Тағы бір айта кетерлігі, М.Аллахверанов жүзім өсіруді де жақсы меңгерген. Қазіргі кезде оның иелігінде 3 гектар жүзім алқабы бар. Онда барлығы 4500 жүзім ағашы егілген. Бұрнағы жылдары жеке кәсіпкердің әкесі Мирмамед Мойынқұм ауданындағы белді бағбандардың бірі болыпты. Машаһаты көп мұндай жұмысты меңгеруге әкесінің қосқан үлесі көп екенін айта кеткен жөн. Бұл – Шу ауданындағы ең үлкен алма және жүзім алқабы екен. Одан мол өнім алу үшін шулық кәсіпкер арнайы бағбандық білім алып, өзбекстандық мамандардың ақыл-кеңесіне де жүгінген.
Дәл осындай қиын жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруда М.Аллахверановтың ұлы Русланның да үлесі көп. Сонымен бірге, немересінің есімін ырымдап атасының атымен атаған екен. Сәтін салса, Мирислам әкеден балаға қалған атакәсіпті немересінің жалғастыратынына сенімді.
 
Петр НОРКИН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар