дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бірде-бір инвестор тартылмаған». Тараз ӘКК өткен жылы қандай жұмыс атқарды

«Бірде-бір инвестор тартылмаған». Тараз ӘКК өткен жылы қандай жұмыс атқарды
Сурет: jambylinfo.kz
Аталған мекеме былтыр 3 инвестормен келісімге келуі керек болған

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өткен жылы облысқа бірде-бір инвестор тартпаған. Бұл туралы тексеру комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Былтыр 3 инвестициялық жобаны іске асырамыз деген Тараз ӘКК-ның жоспары орындалмаған. Ал, тұрақтандыру қорын басқару бағыты бойынша  нәтижелі көрсеткіш ретінде екі павильон соғу жоспарланса,  іс жүзінде аудандарда бұл жұмыс жасалмаған.

"Соның салдарынан, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының талабы сақталмай, 2023 жылғы даму жоспарының екі бағыттары бойынша іске асыру нәтижелілігі толық қамтамасыз етілмеген. Мәселенің туындауы, бюджеттік бағдарлама әкімшісі Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы мен АҚ-ның қызметінің стратегиялық бағыттарына қол жеткізуді сипаттамайтын жекелеген шынайы көрсеткіштерді жеткізуге негізделген қызметтің негізгі көрсеткіштерінің сапалы әзірленбегенін және орындалмағанын көрсетеді",- деді комиссия мүшесі.

Ал, Тараз ӘКК өкілі Еркін Жылысбекұлының бұған өз уәжі бар. Оның сөзінше, былтыр 3 инвестордың 1-і ғана іс жүзінде әрекет еткенімен, инфроқұрылым игілігі болмағандықтан өзге облысқа ат басын бұрған. Мұны ол кәсіпкерлерге деген сол кездегі «көзқарастың» дұрыс болмауынан деп түсіндірді. 

"Біз алдыңғы инвесторларға жағдай жасай алмадық. Содан кейін басқа өңірге кетіп қалды. Биыл біз облыстың көмегімен инфроқұрылымды тартып, жер мәселесін шешіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұған дейін мұндай болған жоқ. Біз ол кезде иныесторларға мән бермедік. Қазір көзқарас өзгерді",- деді Еркін Жылысбекұлы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар