Экономика

«Бірде-бір инвестор тартылмаған». Тараз ӘКК өткен жылы қандай жұмыс атқарды

Аталған мекеме былтыр 3 инвестормен келісімге келуі керек болған

«Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өткен жылы облысқа бірде-бір инвестор тартпаған. Бұл туралы тексеру комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Былтыр 3 инвестициялық жобаны іске асырамыз деген Тараз ӘКК-ның жоспары орындалмаған. Ал, тұрақтандыру қорын басқару бағыты бойынша  нәтижелі көрсеткіш ретінде екі павильон соғу жоспарланса,  іс жүзінде аудандарда бұл жұмыс жасалмаған.

Ал, Тараз ӘКК өкілі Еркін Жылысбекұлының бұған өз уәжі бар. Оның сөзінше, былтыр 3 инвестордың 1-і ғана іс жүзінде әрекет еткенімен, инфроқұрылым игілігі болмағандықтан өзге облысқа ат басын бұрған. Мұны ол кәсіпкерлерге деген сол кездегі «көзқарастың» дұрыс болмауынан деп түсіндірді.