сенбі, 23 қараша, 2024 8:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бизнеске арналған Үкімет» орталығы кәсіпкерлерге не береді?

«Бизнеске арналған Үкімет» орталығы кәсіпкерлерге не береді?
ашық дереккөзі
«Бизнеске арналған Үкімет» орталығы кәсіпкерлерге не береді?

Еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екені даусыз. Бұл сөзіміз мемлекет тарапынан бизнеске қаржылай және қаржылай емес қолдаудың көптеп көрсетілуі мысал бола алады. Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да Мемлекет басшысы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге айрықша назар аударды. Президент орта бизнеске айрықша көңіл бөлу нарықтағы табыстылықтың кепілі екенін алға тартады. Өйткені аталған стратегиялық құжатта шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға жеткізіп, жұмыспен қамтылғандардың санын 4 миллион адамға дейін көбейту мәселесіне көңіл бөлінген.

Осы орайда Тараз қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары, салалық бағдарламалар жайында кеңес беру, құқықтық, ақпараттық көмек көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы өз жұмысын бастаған еді.

Облыс әкімдігі ғимаратының жанынан ашылған орталықтың жұмысы «бір терезе» қағидасына негізделген. Орталыққа келген кәсіпкерлер 2 шағын қаржы ұйымының және екінші деңгейлі банктердің қаржы кеңесшілерінен қызмет алады. Сонымен қатар бизнесмендерге кәсіби мамандар мемлекеттік органдармен құжат айналымын жүргізуге көмек көрсетеді.

Фронт-офисте «Электрондық Үкімет» арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтің 60-қа жуық түрі көрсетеледі. Дәл осы офисте инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуетімен танысу мүмкіндігі қарастырылған.

Орталық жұмысына «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жетекшілік етеді. Аталған корпорацияның басқарма төрағасы Олжас Қаржауовтың айтуынша жаңа құрылым өз қызметінде бизнестің дамуына кедергілерді мейлінше азайту шараларына да басымдық береді.

Мұнда кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында прокуратура қызметкері тұрақты түрде бизнес өкілдерін қабылдайтын болады. Ол үшін арнайы кабинет жабдықталған. Орталық ашылғанға дейін-ақ мұнда прокуратура қызметкерлерінің көмегіне жүгінушілер болды, – дейді басқарма төрағасы.

Жасыратыны жоқ әлемдік пандемияның салдары өңірдегі шағын және орта бизнес саласына едәуір ықпал етті. Сол себептен де жергілікті жерде оларды құқықтық, ақпараттық сүйемелдеу, бизнесті сақтап қалу үшін қаржылай көмек көрсету тетігін қарастыру шараларын қолға алудың берері мол болмақ.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар