Экономика

Доллар арзандап, теңге нығайды

Доллар арзандап, теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 желтоқсан кешімен салыстырғанда 2,38 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 417,64 теңгені құраған. Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 420,01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 419,29 теңге, сатып алу – 417,65 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 419,61 теңгеден болса, ал сатып алу – 418,28 теңгені құрайды.   inform.kz