жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Доллар бағасы төмендеді

Доллар бағасы төмендеді
фото - ашық дереккөзден
Қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495, 20 теңге.

Ұлттық банктің 20 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 497, 26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,97 теңге. Еуро – 525,21.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497,7 теңге. Еуро 522,5 – 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 494 теңге, сатып алу құны – 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,92 – 5,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар