
Ұлттық банктің 6 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,51 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 6 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,60 теңге. Еуро — 611,83
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608 сату құны — 612.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 606 теңгеден сатып алынып, 613 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,45— 6,60 аралығында саудаланып жатыр.