Елімізде мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар саны күрт көбейген
- авторМағжан Орынбасар
- 12 тамыз, 2024
- 590
Қазақстанда мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар саны күрт ұлғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тендер беруші компания ең арзан ұсынысты таңдайтыны белгілі. Алайда арзан баға ұсынатын компаниялардың қызмет сапасы төмен болып тұр. Қаражат тапшылығы болғандықтан қызметкерлердің жалақысы көтерілмейді. Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов ОКҚ брифингінде бұл компанияларға жәрдем беріп, оларға экспортқа шығуға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.
Осы орайда одақ мүшелері Энергетика және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, биылдың өзінде Қазақстанның 11-ге жуық компаниясына 7 мемлекеттің нарығына шығуына мүмкіндік берді.
«Біздің кәсіпорындарға тек қана Қазақстанның мүмкіндігін ғана пайдаланып даму ғана емес, дүниежүзілік экономиканың мүмкіндігін де пайдалану қажет. 2030-жылға дейін араб елдерінде 300 млрд доллар сомаға тең жұмыс атқарылмақ. Біз мұндай үлкен жобалардан құр қалмауымыз қажет. Экспорттық потенциалымызды дамыту керек»,-деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024