сенбі, 23 қараша, 2024 6:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді Тараздың өз балмұздағы болады

Енді Тараздың өз балмұздағы болады
ашық дереккөзі
Енді Тараздың өз балмұздағы болады

«Империя» ЖК балмұздақ шығаратын цехының құрылысы аяқталуға таяу. Алайда жергілікті атқарушы органдардың қолдауынсыз бұл істі соңына дейін жеткізу мүмкін емес.

Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев цехта болып, технологиялық желімен танысты. Бас директор Патохберди Талипов цех іске қосуға дайын, инфрақұрылымды жүргізу мәселелерін шешу қажет екенін айтты. Өңір басшысы оған жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Ол кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.

 width=

- "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы шеңберінде облысымызға ауқымды қаржы бөлінуде. Мәселе жобалардың аздығында болып отыр. Бизнес-идеяларды қолдау үшін барлық мүмкіндіктер бар. Тек мәселелерді дер кезінде көтере білу керек, - деді облыс әкімі.

Жоба құны 800 миллион теңгені құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 8000 тоннаға шақталған. Мұнда балмұздақтың 30 түрін шығару жоспарлануда. Серіктестіктің басқарушы директоры Рахат Әшімовтің айтуынша, кәсіпорында жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

- Жазда үздіксіз өнім өндіруге мүмкіндік бар, - дейді ол.

Олар сүтті жақын маңдағы шаруалардан алуға ниетті. Айта кетейік, қазір «Империя» ЖК шұжықтар мен кондитерлік өнімдерді сақтаумен және тасымалдаумен айналысады.

- Сондай-ақ, біз жергілікті дүкендерге Ресей мен Қырғызстаннан балмұздақ жеткізудеміз. Көп ұзамай біз жамбылдық балмұздақтарды сата бастайтын боламыз, - дейді Рахат Әшімов.

 width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар