сенбі, 23 қараша, 2024 10:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерболат Досаев Қазақстандағы доллар бағамы туралы айтты

Ерболат Досаев Қазақстандағы доллар бағамы туралы айтты
ашық дереккөзі
Ерболат Досаев Қазақстандағы доллар бағамы туралы айтты
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қарашада теңгенің 1,8%-ке нығайғанын мәлімдеді. Қарашада айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 432,66 теңгеден 425,07 теңгеге нығайған.
«Ұлттық валютаның нығаюына экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар қолайлы ішкі конъюнктура әсер етті. Бірден бірнеше вакцинаны сәтті сынақтан өткізу туралы хабар және АҚШ-та президенттік билікті формалды өткізуді бастау тәуекелді активтерге сұранысты ұлғайтты», - деді Досаев Үкімет отырысында. Сонымен қатар ұлттық банк төрағасы мұнай бағасы қарашада бір бареллі үшін 37,5 доллардан 47,6 долларға дейін 27%-ке өскенін айтты. «ОПЕК+ өндіруді мейлінше қалыпты қарқынмен ұлғайту шешімінен кейін желтоқсанда мұнайға баға белгілеу сенімді өсіп келеді. 2020 жылдың желтоқсанының басынан бері brent 9 желтоқсанға дейін 2,7%-ке бір баррелі үшін 48,86 АҚШ долларына дейін өсті», - деді ол. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, АҚШ доллары индексінің төмендеуі дамушы елдер валюталарының динамикасына оң әсер еткенін айтты. Мысалы, Бразилия реалы бір айда – 6,6%-ке, түрік лирасы – 6,2%-ке, Оңтүстік Африка ранды мен Мексика песосы – 4,7%-ке, Ресей рублі 3,7%-ке нығайды. Айта кетейік, қарашада айырбастау бағамы тағы да 1,2%-ке нығайып, 9 желтоқсанда биржадағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары үшін 419,92 теңге болды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар