Экономика

Еуро бағамы 500 теңгеден асты

Еуро бағамы 500 теңгеден асты

KASE қор биржасында еуро бағамы айтарлықтай қымбаттады. Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да 502 теңге болды. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Ал доллар бағамы сағат 17.00-де 429,58 теңге болды. 29 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,40 теңге болған еді. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,04 теңге сатылып жатыр, ал сатып алу - 502,39 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында еуроны орташа есеппен 504,08 теңгеден сатып жатыр. tengrinews