«G-Global» Жамбылда ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ
«G-Global» Жамбылда ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ
Таразда Жамбыл облысының әкімдігі мен «G-Global» халықаралық хатшылығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар G-Global платформасында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсім, инвестицияларды тарту, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика, туризм және экотуризм саласында бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендіктерін растады.
Жамбыл облысы әкімдігінің атынан меморандумға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, «G-Global» хатшылығынан – оның басшысы Серік Нөгербеков қол қойды.
Қонақтар өздерінің екі маңызды жобаларын таныстырды. Олардың біріншісі – делдалдарды араластырмай, түрлі мақсаттағы тауарларды өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізуді мақсат еткен «Sirius market» экожүйесін тестілік режимге енгізу. Екінші жоба – қазіргі заманғы әдіснаманы қолдана отырып, амбулаториялық жағдайда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу.