Экономика

Кәсіпкерлікті қолдау – басты мақсат

Кәсіпкерлікті қолдау – басты мақсат

Сарысу ауданында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 2019 жылы барлығы 28 жоба 182 млн. теңгеге қол жеткізді. Оның ішінде 11 жоба өңдіріс, 3 жоба жылыжай, 1 жоба балық шаруашылығы, 2 жоба құс шаруашылығы және 4 жоба қызмет көрсету саласы бағытында. Бұған қоса 72 адам жұмыспен қамтылды.

Аталған бағдарлама бойынша үстіміздегі жылы екінші деңгейлі банктерге несие алу үшін 67,7 млн. теңгені құрайтын 6 жоба ұсынылды. Бүгінгі күнге 2 жоба мақұланды. Ал, қайтарымсыз грант бойынша ағымдағы жылдың шілде айының 23 жұлдызынан бастап тамыз айының 12 жұлдызына дейін 64 жобаның құжаты қабылданып, облыстық кәсіпкерлік басқармасына ұсынылды. Оның ішінде 35 жоба өндіріс, 19 жоба жылыжай, 1 жоба балық шаруашылығы, 2 жоба құс шаруашылығы, 7 жоба қызмет көрсету саласына бағытталған. Сондай-ақ, инфрақұрылым тарту тетігі бойынша 26,1 млн. теңгенің 1 жобасы  мақұлданып қаражатын күтуде. Сонымен қатар, бағдарлама аясында инфрақұрылым тарту үшін 2 ірі жобаның құжаттары жинақталып («Асыл Тұз» ЖШС – темір жол тұйығын тарту, «КазЦемТрайдинг» ЖШС – электр энергиясын тарту), сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.