Экономика

Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

Қазақстанда қазір жылдық инфляция 9,5% құраған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық ставканы 14,75% дейін төмендетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлеменіжылдық 14,75% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасты. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр”,- деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулаған. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді.