сәрсенбі, 26 наурыз, 2025 16:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нарықта доллар бағамы төмендеді

Нарықта доллар бағамы төмендеді
Ulysmedia коллажы
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,67 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,67 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 520 — 524 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502,7 теңге, сатып алу құны — 496,7 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,37 - 5,52 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,59.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар