сейсенбі, 26 қараша, 2024 6:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несие алып, нәсібін арттыруда

Несие алып, нәсібін арттыруда
ашық дереккөзі
Несие алып, нәсібін арттыруда
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы арқылы кәсіппен айналысуды қолға алған шағын шаруашылықтар көбейіп келеді. Малда береке барын білетін ауылдықтар мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, мал басын көбейтуге бет бұрған.
Сондай ауыл азаматтарының бірі Шу ауданының Жаңажол ауылында тұратын Эльяр Эльдарұлы. Ол биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл облысындағы филиалынан мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 4 млн. теңге несие рәсімдеп, 11 бас сиыр сатып алды. Шағын несиенің шарапатын көрген шаруа алдағы уақытта мал басын көбейтіп, өнімінен табыс табуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" облыстық филиалының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар