Экономика

Несиелері кешірілген қазақстандықтар банктерге тағы қарыз болып қалған – Әбілқасымова

2019 жылы елімізде кредиттік амнистия жарияланып, мыңдаған адамның берешегі кешірілген болатын

Төрт жыл бұрын несиелері кешірілген азаматтар тағы да қарызға батып, бір бөлігі кредиттерін төлей алмай жүр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Оның айтуынша, бұл азаматтардың төлем қабілеттілігін дұрыс бағалауға қатысты мәселе. Адамдарға кредит алуға тыйым сала алмайды. Агенттік төрағасы банктерге қайтадан қарыз болып қалған борышкерлердің нақты санын кейінірек ұсынуға уәде берді. 


Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы жазда президент кепілсіз тұтынушылық несиелерді кешіру туралы тапсырма берген болатын. Несиелік амнистияға көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар және тағы басқалары іліккен еді.