Экономика
Қолданбайтын банк картасының қаупі неде? Заңгер түсіндіреді
- авторjambylinfo.kz
- 23 қараша, 2020
- 239
Қолданбайтын банк картасының қаупі неде? Заңгер түсіндіреді
Кей жағдайда жалақы картасы, әлеуметтік төлемдер алатын карта, кредит картасы мен тағы басқа карталардың бірін мүлде қолданбай, оның барын ұмытып кетуіміз мүмкін. Мұндай жағдайда қолданылмайтын картаның қандай қаупі бар? Оны міндетті түрде банкке өткізу керек пе? Бұл сұрақтарға заңгер Гүлмира Батырханқызы жауап берді.
Заңгердің айтуынша, қазақстандықтар көп жағдайда жұмыс орнын ауыстырған кезде жалақы және кредит картасын ауыстыруды ұмытады. Салдарынан қарыз пайда болып, ол несие тарихына әсер етеді дейді.
"Қандай жағдай болсын кез келген банк картаға қызмет көрсетіп жатқаны үшін оның мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде комиссия алып отырады. Оған қоса, банк қосымша қызметтері үшін де ақы алып отыруы мүмкін. Бұл картамен ешқандай операция жүргізілмесе де, комиссия алынып отырады. Себебі картаңыз клиенттер базасында бар. Төленбай қалған 50 теңгенің өзі несие тарихына әсер ететінін ескеру керек. Төлем картасын пайдаланбау картаға қызмет көрсету туралы шартты автоматты түрде бұзбайды, сондықтан клиенттің банк алдындағы және банктің клиент алдындағы құқықтары мен міндеттері жойылмайды", - деп түсіндіреді сарапшы.tengrinews.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала