Қолданбайтын банк картасының қаупі неде? Заңгер түсіндіреді
Қолданбайтын банк картасының қаупі неде? Заңгер түсіндіреді
Кей жағдайда жалақы картасы, әлеуметтік төлемдер алатын карта, кредит картасы мен тағы басқа карталардың бірін мүлде қолданбай, оның барын ұмытып кетуіміз мүмкін. Мұндай жағдайда қолданылмайтын картаның қандай қаупі бар? Оны міндетті түрде банкке өткізу керек пе? Бұл сұрақтарға заңгер Гүлмира Батырханқызы жауап берді. Заңгердің айтуынша, қазақстандықтар көп жағдайда жұмыс орнын ауыстырған кезде жалақы және кредит картасын ауыстыруды ұмытады. Салдарынан қарыз пайда болып, ол несие тарихына әсер етеді дейді. tengrinews.kz