«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында Байзақ аудынының Сарыкемер ауылындағы Асхат Әскербекұлы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" 3,6 млн теңге несие рәсімдеп, 8 бас жылқы сатып алған. Халқымызда «Мал баққанға бітеді» деген әдемі сөз бар. Әсіресе, төрт түліктің төресі саналатын жылқы малының бабын табу, оның күтімін жасау оңай шаруа емес. Кәсіпкер жылқыларын баптап, тынбай еңбектеніп, алдағы мақсаты жылқы басын көбейтіп, ірі шаруашылыққа айналмақ.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жапондар неге ұзақ өмір сүреді?
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024