жұма, 22 қараша, 2024 22:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қордай Агро-2020» ЖШС егістік алқабын ұлғайтуда

«Қордай Агро-2020» ЖШС егістік алқабын ұлғайтуда
ашық дереккөзі
«Қордай Агро-2020» ЖШС егістік алқабын ұлғайтуда
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қордай Агро 2020» ЖШС өкілдерімен кездесіп, онда келер жылға арналған жоспарлар барысы сараланды. Бердібек Сапарбаев аграрлық саланың өңір экономикасында айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, оның қарқынды дамуы үшін заманауи тамшылатып суару технологияларын енгізудің маңыздылығына тоқталды. «Қордай Агро 2020» ЖШС директоры Али Силюк аймақ басшысының ойымен толық келісетінін  білдірді. Ол өз шаруашылығына тамшылатып суару жүйесін енгізген десек, басқа да жаңа технологияларды қолдануға ниетті. Биыл 200 гектар жерге қант қызылшасын отырғызу жоспарланғанымен, карантиндік шектеу шараларына байланысты жоспарды жүзеге асыру мүмкін болмаған. Жүгеріге 100 га, күнбағысқа - 20 га, құлпынайға - 10 га жер қарастырылған. Келер жылы серіктестік егін алқаптарын кеңейтпек. Қордай ауданындағы 500 гектар аумақта шаруалар қант қызылшасын, жүгері, құлпынай өсіруді жоспарлауда. Ал Байзақ ауданында қант қызылшасы, жүгері мен құлпынай отырғызуға 200 гектар берілмек. Бердібек Сапарбаев қазірден бастап суаруға қажетті су, керекті ауыл шаруашылығы техникасымен қамту мәселесін шешу керектігіне мән берді. Али Силюк жеміс және көкөніс кластеріне жаңа технологиялар енгізуге ынталы. Ол үшін табиғаттың өзі жайлы жағдай жасады дейді. Жамбылдағы жылы күндердің көптігі, жердің құнарлығы ісімізге сеп деп сендірді. Аймақта әлі де жаңа скважиналарды табу мүмкіндігі жоғары екеніне сенімді. Аймақ басшысы аталған бастамалардың жүзеге асуына облыс әкімдігі де мүдделі екенін жеткізді. Қажетті қолдаудан тарықпайсыздар деп уәде берді Бердібек Сапарбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар