сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданында кеңес дәуірінен қалған су құбырлары жаңартылып жатыр

Қордай ауданында кеңес дәуірінен қалған су құбырлары жаңартылып жатыр
ашық дереккөзі
Қордай ауданында кеңес дәуірінен қалған су құбырлары жаңартылып жатыр

Жамбыл облысы Қордай ауданында ауылдарды ауыз сумен қамту бағытында 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. Орталықтандырылған су жүйесі мүлдем болмаған екі елдімекеннің проблемасы шешілді. Сондай-ақ Қаракемер мен Кенен тұрғындарының 40 жыл бойы жыр болған мәселесі де бір жақты болды. Бұл ауылдардағы су жүйесі толықтай жаңартылып, шұрық-тесік құбырлары ауыстырылуда.

Қордайдағы Өтеген мен Арал ауылдарында сапалы ауыз су мүлдем болмаған. Жергілікті жұрт тіршілік нәрін ұзақ жылдан бері құдықтан ішіп келеді. Енді бұл проблема артта қалар күн жақын. Қазір халық көптен күткен жобаның іске асырылу барысын өз бақылауында ұстап отыр.

- Біздің ауылда орталықтандырылған ауызсу жүйесі ешқашан болмаған. Қазір сол олқылықтың орны толтырылып, құбыр тартылуда. 80 метрден аса жерден су шығарып жатыр. Құрылысшылар траншея қазып, құдықтар орнатуда. Екі көшеге су алатын бағандар орнатты. Одан кейін үйді-үйге қарай есік алдына қарай кіргізіп қойды, – дейді Өтеген ауылының тұрғыны Айдарбай Битанов.

Қаракемер мен Кенен ауылдарында су жүйесінің 90 проценті тозып кеткен. Салдарынан қордаланған мәселеге айналған. Мұнда қазір жүйе қайта жаңғыртылып, шірімейтін пластик құбырларға ауыстырылып жатыр.

Ал Отар мен Батыс елді мекендері кеңейтілмек. Жаңа алқаптарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, су жеткізу бағытында екі жоба жүзеге асырылуда. Жоспар орындалса халыққа қосымша мыңға тарта жер учаскесін үлестіруге  мүмкіндік туады.

- Қазір ауыз сумен қамту бойынша ауыл ішілік жұмыстар 70 пайызға аяқталды. Скважина қазу жұмыстары жүріп жатыр. Су қоймалары мен сусорғылар орнатылуда. Құрылыс жұмыстарын қараша айына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.    Жалпы Қордайда 41 елді мекеннің отызында ауыз су бар. Биыл ауданда 6 жоба толық жүзеге асса, жергілікті халық таза сумен 78 процент қамтылады, – дейді Қордай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев.

[embed]https://youtu.be/ABfOKzWNjmQ[/embed] 24.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар