сенбі, 23 қараша, 2024 7:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қой еті қымбаттауы мүмкін

Қой еті қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қой еті қымбаттауы мүмкін
Елімізде жыл соңына дейін қой еті қымбаттауы мүмкін. Өңірлерде шығып жатқан құс тұмауы ақ еттің күрт азаюына алып келсе, сиыр мен қой етіне сұраныс артады.
Өнімнің қымбаттауына қой шаруашылығы қызып тұрған оңтүстік облыстарда қуаңшылық салдарынан жем-шөптің аз болуы да себеп. Қазір әлемдегі қой етінің орташа құны - бес доллар. Бірақ бұл баға 10 жылда тағы артуы ықтимал. Бүгінде індет салдарынан экспорт азайған. Бұған логистикалық қарым-қатынастың үзілуі себеп боп тұр. Отандық өнімдер Иран, БАӘ, ЕАЭО, Бахрейн, т.б. елдерде сұранысқа ие. Айта кетейік, ішкі нарық қой етімен 102 процент қамтылады. Елде шопан ата төлінің 22 түрі өсіріледі. Кәсіпкерлеріміз өзбекстандық әріптестерімен бәсекелесе ала ма? Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, бұған кедергі көп. Көрші елде 96 тауар түріне кедендік баға үшін 5-тен 50 процентке дейін акциз салығы енгізілген. Бұл қазақстандық өңделген өнімге шектеу қоюмен тең дейді депутат. Яғни көршілер бидай, майлы дақылдар, ет және мал терісі сынды шикізатты сатып алып, оны өздері өңдеп, игілігін көруді жөн санап отыр. Ал дайын өнімді қайтадан Қазақстанға да экпорттайтын кездер болған. Бірақ, бұл үшін оларға ешқандай салық салынбайды. Депутат үкіметке сауал жолдап, жағдайды үкіметаралық деңгейде қарастыруды ұсынды. Өйткені бұл мәселе расында өзекті. zakon.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар