сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 9:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құс шаруашылығын дамыту – басты назарда

Құс шаруашылығын дамыту – басты назарда
ашық дереккөзі
Құс шаруашылығын дамыту – басты назарда
Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы болғандықтан аймақта өткен жылы бұл саланы дамыту мақсатында арнайы карта әзірленген болатын. Қазіргі уақытта картаға сәйкес, құс шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мәселен, Байзақ ауданындағы құс етін өндіретін «Әулие-ата Феникс» серіктестігінің құс фабрикасы толық модернизациядан өткізілді. Осының нәтижесінде облыстағы құс етінің өндірісі 8 мың тоннаға жеткізілді. Бұдан бөлек, аталған ауданда биыл жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін «Аллель Агро» ЖШС-нің құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Жалпы картада өндірістік құс фабрикасы құрылысын аяқтаумен бірге жеке қосалқы шаруашылықтарда құс санын көбейту үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту» және «Еңбек» бағдарламаларының мүмкіндіктері мен «ҚазАгро» ҰБХ қаржы институттары  арқылы 3,0 млн.теңгеге дейін берілетін шағын несиелеу бағдарламарын пайдалану жоспарлануда. Оны жүзеге асыру үшін елді мекендерде тұрғындарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру, кооператив жанынан арнайы инкубаторлар ашу, қажетті жем және ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады. Тұңғыш Жанұзақов, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар