Экономика

Сарысулық шаруалар қызу еңбек үстінде

Сарысулық шаруалар қызу еңбек үстінде

Сарысу ауданы бүгінгі күндей дейін 5158 гектар жаздық арпа орылды. Әр гектардан орташа өнімділігі 20,1 центнерден өнім алынуда. Жалпы жиналған өнім көлемі 10366 тонна. Сондай-ақ қазіргі таңда 3577 гектар күздік бидайдың соңғы алқабына орақ түсіп отыр. Ол жерден алдағы уақытта 7190 тонна өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 27 комбайн 185 дана трактор және 30 дана жүк автокөлігі жұмылдырылып, оған 975 тонна дизель отыны бөлінген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны егістік жерінің көлемі, шабындық жерінің көлемі сәйкес және шаруалар сұранысына сәйкес уақытылы босатылуда. Бұл мәселе бөлім назарында және ешқандай қиындықтар жоқ. Ауданда дәнді дақылдарды жинау жұмыстары тамыз айының 20-25-не дейін дейін, ал мақсары дақылын жинау жұмыстары қыркүйек айының 10-15-не дейін, дәндік жүгері дақылдарын қыркүйек айының аяғына дейін жинап алу жоспарланған. Сонымен қатар көкеніс, картоп, бақша дақылдарын жинау тамыз айынан басталып қазан айына дейін жүргізілмек. Өткен жылы шаруалар тарапынан 888 тонна минералды тыңайтқыш алынып 6350 гектар алқап тыңайтылса, биыл 900 тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланып, бүгінгі күнге 37 шаруалар 1825,3 тонна минералды тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасасқан. Нәтижесінде 979 тонна тыңайтқыш алынып, 4450 гектар жер тыңайтылыпты. Бұдан өзге ауданда 98 дана трактор мал азығын дайындауға қатысуда. Бүгінгі күні 31310 гектар жердің шөбі орылып, 98750 тонна пішен дайындалған. Сонымен қатар 7000 тонна сабан дайындалу жоспарланғанымен 7650 тонна орылыпты.