Шенеунік «ұшақ билеті қашан арзандайды» деген сұраққа билетті күні бұрын сатып алыңыздар деп құтылды
Вице-министрдің айтуынша, FlyArystan енді бөлек әуе компания атанды
Сенат кулуарында журналистер көлік вице-министрі Талғат Ластаевтан ұшақ билеттерінің бағасы қашан төмендейтінін сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, баға саясаты шынымен де үлкен мәселе.
Билет бағасына әсер ететін тағы бір маңызды мәселе – әуе отынының құны мен тапшылығы.
Сондай-ақ Ластаев FlyArystan эксплуатанттың бөлек сертификатын алғанын, енді ол бөлек әуе компаниясы саналатынын мәлімдеді. Бірақ FlyArystan – «Эйр Астананың» жүз пайыз еншілес компаниясы.
«Бұл енді бөлек заңды тұлға, жеке әуе компаниясы», - деді Ластаев. Осылайша FlyArystan-ды «Эйр Астанадан» бөлу процесі аяқталды.