дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкенттен Сеулге тікелей ұшатын авиарейс ашылуы мүмкін

Шымкенттен Сеулге тікелей ұшатын авиарейс ашылуы мүмкін
Суреттің дереккөзі: Азаматтық авиация комитеті
Сонымен қатар, Астана мен Сеул арасындағы әуе рейстері қайта жанданады деген жоспар бар

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лидің Сеулде өткен кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында екі ел арасында тоқтап қалған әуе рейстерді қайта қалпына келтіру мәселесі мен жаңадан әуе бағыттарын ашу мәселелері қаралған.

«Тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты», - деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті. 

Сонымен қатар, дереккөзге сүйенсек, Талғат Ластаев T' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниет танытқан.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі енді Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтар тіл білімі туралы тест тапсыратындарын айтқан болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар