дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың несиелері 30 маусымға дейін шегерілуі мүмкін

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың несиелері 30 маусымға дейін шегерілуі мүмкін
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың екінші деңгейлі банктердегі несиелерін төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, банктер жеке және заңды тұлғалардың несие төлеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.

«Зардап шеккендердің тізімін әкімдер шығарады. Бұл тізімге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды», - деп хабарлады Қауымдастық.

Екінші деңгейлі банктер осы мәселеге қатысты жуық арада ресми ақпарат таратады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар