Экономика

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың несиелері 30 маусымға дейін шегерілуі мүмкін

The final spritzer

Бұл туралы Қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың екінші деңгейлі банктердегі несиелерін төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, банктер жеке және заңды тұлғалардың несие төлеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.

Екінші деңгейлі банктер осы мәселеге қатысты жуық арада ресми ақпарат таратады.